KZ
Өскемен
+8°
пасмурно жел 0,4 м/с, Ю
439.4 473.54 4.76

Жаңа үлгідегі жүргізуші куәлігі 2020 жылдан бастап беріледі

15.11.2019, 09:14 150

Қазақстанда жүргізуші куәлігінің және көлік құралын тіркеу туралы куәліктің жаңа үлгілері бекітілді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Жаңа құжаттар келер жылы беріле бастайды. Ондағы электронды чип артқы жағына ауыстырылып, жады көлемі артқан. Сондай-ақ, жалған құжаттар жасалмау үшін арнайы штрих-код орнатылыпты. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің түсі де өзгереді.

ІІМ бұған дейін берілген жүргізуші куәліктері мен көлік құралдарын тіркеу куәліктерін өзгерту қажет емес екенін ескертеді.

Жаңа үлгідегі құжаттар:

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив