KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

ШҚО қыс мезгіліне дайын

14.11.2019, 10:33 83

Шығыс Қазақстан облысы қыс мезгіліне сақадай сай дайын. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдай департаменті басшысының орынбасары Дмитрий Титов мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Шығысқа биыл қыс мезгілі әдеттегілей ерте келді. Қараша айында қар жауып, алғашқы аяз да түсіп үлгерді. Соңғы 15 күннің ішінде ауа райының қолайсыз жағдайына байланысты облыс аумағындағы тас жолдарда қозғалысқа 9 рет шектеу қойылған екен.

5-6 қараша күндері Ішкі істер министрлігі республика аумағында «Қыс-2019» командалық-штабтық оқу-жаттығулар өткізілген болатын.  Оның барысында басқарма органдарының дайындығы тексеріліп, жоспарға түзетулер енгізілген. Сондай-ақ, қыс кезінде болған төтенше жағдайды жоюға тартылатын барлық қызметтердің арасындағы әрекеттістік пысықталды.

Қыс мезгілінде тас жолдарда болатын төтенше жағдайдың алдын алу мен жоюға ШҚО-да 934 техника әзір тұр, оның ішінде 756 қар тазалайтын, 53 инженерлік, 37 эвакуациялық және 88 жол таңдамайтын техника бар. Барлығы ақаусыз жұмыс істейді, қыс мезгіліне дайын екен.

Сонымен қатар, ШҚО бойынша жиі қар алып қалатын 14 орын бар екен: оның 7-еуі облыстық маңызы бар автожолда, қалғаны республикалық маңызы бар тас жолда. Бұл орындар бойынша жауапкершілік жол мекемелеріне бекітіліп отыр. Облыс аумағындағы 19 жылыту пункттері де қысқа әзірленіп, дайын тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив