KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 9 м/с, СБ
448.56 478.03 4.79

Азық-түлік, гигиеналық құралдар, жол ақысы. Табысы аз отбасыларға көмек көрсетіледі

14.11.2019, 08:40 156

Табысы аз отбасылардағы балалардың мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап табысы аз отбасыдан шыққан балаларға арналған кепілді әлеуметтік пакет енгізіледі. Бұл туралы «Qazaqstan» арнасы мәлімдеді.

Кепілді әлеуметтік пакет негізінде табысы аз отбасылардағы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға азық-түлік жиынтығы, гигиеналық құралдар беріледі.

Ал 6 жастан 18 жасқа дейінгі балалар мектептерде ыстық тамақпен, оқу құралдарымен, мектеп формасымен және тегін медициналық қызметпен қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ олардың мектепке дейінгі жол жүру шығындары өтеледі.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив