KZ
Өскемен
+5°
переменная облачность жел 3 м/с, ОШ
448.15 483.46 4.86

Даниал Ахметов Германия елшісі бастаған делегациямен кездесті

13.11.2019, 06:14 97

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Германияның Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегациямен кездесті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

Кездесуде қос тарап ынтымақтастық жайын талқылады. Басты тақырыптардың бірі өнеркәсіптік қалдықтарды өңдеу болды.

- Өңделген қалдықтарда көптеген пайдалы минералдар бар. Қалдықтарды қайта өңдеу арқылы, жаһандық проблеманың алдын аламыз. Сондай-ақ, өңделген қалдықтарда ешкім білмейтін және зерттелмеген минералдық заттар бар, - деді Тило Клиннер.

Елші өз сөзінде шаһардағы бірқатар оқу орнымен байланыс орнатуға ниетті екендіктерін айтты. Елші аймақ басшысына алғысын жеткізіп, алдағы уақытта бірлесіп жұмыс атқаратындарына сенім білдірді.

– Бүгін сіздер ынтымақтастық орнату бағытында толыққанды ақпарат алды деген сенімдемін. Елші мырза өзіңіздің бұған дейінгі біздің өңірге жасаған іс-сапарыңыз барысында біз бірлескен жұмыстар жайында айтып, жұмыс тобын құру жөнінде келіскен болатынбыз. Бүгін міне өзіңіз жаңадан құрылған жұмыс тобының алғашқы отырысына қатыстыңыз. Біз өз тарпымыздан ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық сақтау және туризм салалары бойынша сіздердің елдеріңізбен ынтымақтастық орнату жөнінде хат жолдаған едік, – деді Даниал Кенжетайұлы.

Тило Клиннер өз кезегінде ІТ саласында жұмыс істейтін алманиялық компанияның Қазақстандағы бөлімшесі болып келетін SAP Kazakhstan компаниясының «Казцинк» ЖШС-мен және «Азия Авто» АҚ-мен екі ынтымақтастық меморандумына қол қойғанын атап өтті. «Азия Авто» АҚ-мен қол қойылған келісім Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ базасында Құзырет орталығын ашуды көздейді.

– Өзімнің соңғы жолдаған хатымда мен аталмыш сала бойынша сараптамалық білімді тарту мүмкіндігі туралы айттым. Бізде бұл тақырыппен Фридберг қаласында орналасқан университет айналысады. Әрі қарай Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ-мен бірлескен жұмыстар жайын талқылайтын боламыз. Біздің бұл саладағы әлеуетіміз өте жоғары. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың алдағы уақытта Берлин қаласына жасайтын іс-сапары кезінде Қазақстандағы байыту фабрикаларының қалдықтарын қайта өңдеу жайында сөз қозғап, жедел тұжырымдама дайындаймыз, – деп қосты Тило Клиннер.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив