KZ
Өскемен
+10°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

"Нұр-Сұлтан – Риддер" пойызының жол жүру қашықтығы қысқартылады

12.11.2019, 04:54 173

Пойыздардың жаңа  жүру кестесінің енгізілуіне байланысты 8 желтоқсаннан бастап кейбір бағыт өзгереді, деп хабарлады Бақ.кз "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Атап айтқанда:

1) - №375/376  "Нұр-Сұлтан – Риддер" бағыты бойынша жүретін пойыздың жол жүру қашықтығы қысқартылып, ол облыс орталығы Өскемен-1 стансасына дейін ғана қатынайды;

 - №85/86 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол - Сарыағаш" пойызы енді ескі вокзал кешенінен жүріп, бұл бағыт  "Нұр-Сұлтан-1 - Сарыағаш" деп өзгереді;  

- сол сияқты №673/674 "Павлодар – Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол" бағыты бойынша жүретін пойыз енді  "Павлодар  - Нұр-Сұлтан-1" бағыты бойынша қатынайды;

2) Күн ара жүретін №712/711 "Нұр-Сұлтан – Шымкент" жолаушылар пойызы енді күнде жүретін болады;

Сонымен қатар, алты жолаушылар пойызының нөмірі өзгереді:

1) "Жолаушылар тасымалы"  АҚ-қа қарасты:  

- № 153/154 "Нұр-Сұлтан- Семей"  енді  № 353/354;

- № 375/376 "Нұр-Сұлтан-Өскемен-1"  енді № 67/68;

- № 377/378  "Алматы-Маңғыстау"  енді  №77/78 пойызы  болып өзгереді;

2)  Жеке тасымалдаушылар:

- № 312/311 "Нұр-Сұлтан- Семей"  енді  №121/122 ("Арай транс kz" ЖШС-ге  қарасты);

- № 307/308/ "Нұр-Сұлтан- Жезказған" енді   №107/108 ( "Марал Нұр" ЖШС);

- № 617/618 "Қызылорда-Нұр-Сұлтан" енді  №117/118 ("Марал Нұр" ЖШС).

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақ бойынша бірыңғай анықтама қызметі "105"  нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін), - делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив