KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 3 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Семейдегі жыл үздіктері байқауының ережесі

11.11.2019, 05:29 130

 

 

1. Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» атты сыйлығы (бұдан әрі - сыйлық) Семей қаласының аумағында тұратын 14 пен 29 жас аралығындағы Қазақстан Республикасының азаматтарына айрықша еңбектерін  ынталандыру және бағалау мақсатында беріледі.

2. Сыйлық салтанатты жағдайда табыс етіледі; марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне ұштастырылып өткізіледі.

3. Сыйлық 10 аталым бойынша жылына бір рет беріледі:  

1. Жылдың жастар ұйымы;

2. Жас отбасы;

3. Жылдың үздік волонтері;

4. Жылдың жас спортшысы;

5. Ауылдың жас маманы;

6. Жылдың үздік студенті;

7. Жылдың жас журналисі;

8. Жылдың жас ғалымы;

9. Жылдың жас дәрігері;

10. Жылдың жас әскери қызметкері;

Бір үміткер екі және одан көп аталымға ұсынылмайды.

4. Сыйлықтан үміткер жастарды жергілікті мемлекеттік органдар, шығармашылық және кәсіптік одақтар, жастардың қоғамдық бірлестіктері және басқа да ұйымдар ұсынады немесе өзін өзі ұсынады. Байқау құжаттары (ұсыныс, өмірбаяны, мінездеме), сондай-ақ үміткердің айрықша үлесін дәлелдейтін шығармашылық және өзге де материалдар «ШҚО Семей қаласының  ішкі саясат бөлімі» ММ ұсынылады.

5. Сыйлық беру туралы шешім комиссия құрамының 2/3 кем емес мүшелері қатысқан отырысында көпшілік дауыспен шешіледі.

6. Байқау құжаттарын қабылдау, іріктеу, талқылау және сыйлыққа ұсыну туралы шешімдер қабылдауды Комиссия жүзеге асырады. Комиссия мүшелері байқауға жіберілмейді. Комиссия құрамын Семей қаласы әкімінің орынбасары сыйлық берілетін жылы бекітеді. Байқау құжаттарын қарау кезінде Комиссия үміткерге қатысты  қосымша ақпарат сұрауға құқылы.

7. Сыйлық үміткерге бір рет беріледі. Сыйлық мөлшері жыл сайын нақтыланып тұрады.

8. Қала әкімінің сыйлығына үміткерлерді іріктеудің критерийлері:

1) Жылдың жастар ұйымы – заңды тұлға мәртебесі, бір жылдан кем емес жұмыс тәжірибесі, маңызды іс-шараларды ұйымдастыруы және өткізуі, табысты іске асырылған әлеуметтік – маңызды жобалары, қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, қала, аудан, облыс, республиканың мақсатты топтарының, серіктестерінің, беделді тұлғалары және ұйымдарының пікірлері мен ұсыныстары, қызметтерінің бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануы (бұдан әрі - БАҚ);

2) Жас отбасы – жас мөлшеріне шектеулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекетік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының   2015 жылғы 9 ақпандағы  № 285-V Заңының 1 - бабына сәйкес, кемінде бір баласының болуы,  отбасы мүшелерінің белсенді азаматтық ұстанымдары, қала, аудан, облыс, республика кәсіпорындары мен ұйымдарының іс-шараларына қатысуы, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен салт-дәстүрлері жолын ұстауы, табысты кәсіби қызметі;

3) Жылдың үздік волонтері – волонтер  ретінде қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық іс-шараларға белсенді қатысуы. Басшысы немесе қатысушысы болып табылатын, әлеуметтік маңызы бар жобаға, волонтердің  жеке үлес қосуы;

4) Жылдың жас спортшысы –  республикалық, халықаралық жарыстарға қатысуы. Спорттық жарыстарға қатысқанын және жеңімпаз болғанын растайтын  грамоталарының, дипломдарының, куәліктерінің және басқа да құжаттарының болуы;

5) Ауылдың жас маманы – мамандығы бойынша ауылды жерде қызмет етіп жүрген жас маман, қоғамға пайдалы қызмет атқаруы, ауылдың дамуына үлес қосуы;

6) Жылдың үздік студенті – жастар ұйымының қатарында болуы, оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы, мәдениеттегі, спорттағы жетістіктері, оқу орнының брендін көтеруге үлес қосуы, оқу көрсеткішінің GPA – 3.0 жоғары болуы, әлеуметтік маңызды және ауқымды саяси іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, табысты іске асырылған жобалары, оларды орындау  арқылы қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, жұмыстарының БАҚ-та жариялануы;

7) Жылдың жас журналисті – кемінде бір жыл ішінде бұқаралық ақпараттық құралдарында қаладағы мемлекеттік жастар саясаты тақырыбында жарияланған материалдарының бар болуы, телеарналардағы телехабарлары (сюжеттері), материалдарында көтерілген тақырыптардың мәнділігі мен өзектілігі, журналистік зерттеу жұмыстарының болуы, облыстық және республикалық журналистік конкурстарға, форумдарға қатысуы және белсенді азаматтық ұстанымы ескеріледі;

8) Жылдың жас ғалымы – оқудағы, қоғамдық жұмыстардағы, ғылым саласындағы жетістіктері, шет тілдерін меңгеруі, әлеуметтік маңызды және ауқымды іс-шараларға қатысуы, ұсыныстары, табысты іске асырылған жобалары, оларды орындау  арқылы қол жеткізген әлеуметтік жетістіктері, жұмыстарының БАҚ-та жариялауны;

9) Жылдың жас дәрігері – мамандығы бойынша ауруханада немесе емханада қызмет етіп жүрген жас маман, қоғамға пайдалы қызмет атқаруы, денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосуы;

10) Жылдың жас әскери қызметкері – алған мамандығы бойынша әскери салада қызмет етіп жүрген жас маман, әскери-патриоттық шараларды ұйымдастыруы немесе қатысуы, қоғамға пайдалы қызмет атқаруы қорғаныс саласының дамуына үлес қосуы;

 

Байқау құжаттарын рәсімдеу талаптары:

Байқауға қатысушының өтініші Microsoft Word мәтіндік редакторымен, «Times New Roman» шрифті, мәтін өлшемі – 14, жоларалық интервал – 1, жиегі – 20 см., барлық жағынан абзацтық бос орын болуы тиіс. Негізгі (титульный) бетте үміткердің толық аты-жөні, тегі (ұйымның атауы), жұмыс орны, лауазымы (оқу орны, курсы, факультеті, мамандығы). Одан кейінгі жолда аталымның атауы толық, Ережеге сәйкес, қатесіз жазылуы тиіс. Келесі жолда үміткердің 3х4 фотосы (ұйымның эмблемасы).

Ескерту!

Байқауға қатысушылар мемлекеттік жастар саясатына қосқан үлесі жайында 1 минуттық видео әзірлеп, өз парақшаларына салуы қажет және қала әкімдігімен жастар ресурстық орталығының парақшаларын белгілеуі шарт.

Материалдар  2019 жылдың 1 желтоқсанына дейін Семей қаласы Абай көшесі, 86 мекен-жайында орналасқан «ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімі» ММ «Семей қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ  (Абай кітапханасы, 5 қабат) тапсырылады. Анықтама телефоны: 63-52-27.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив