KZ
Өскемен
+7°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Тұрақтандыру қорында сақталған әлі 622 тоннадан астам қант бар - ШҚО

9.11.2019, 11:16 205

Биыл қант бағасы өткен жылғыдай көтерілген жоқ. Салдарынан тұрақтандыру қоры сақтаған қанттың 8,4 пайыз ғана сатылып, қоймаларда әлі де 622 тоннадан астам қант қоры сақталып қалды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл жөнінде өткен аптадағы аймақтық азық-түлік тауарларын тұрақтандыру қорларын басқару комиссиясы отырысында белгілі болды. Өткен жылдың қараша айында тұрақтандыру қорына 680 тонна қант сатып алынған еді. Оның 340 тоннасы Өскеменге бағытталаса, қалғаны жартысы Семейге сақтауға жіберілді. Әрі қарай қоймадағы қантты өскемендік «Восток Сахар» және семейлік «Ақ Сұңқар» мекемелері 42 сауда нысанында бір жыл бойы арзан бағада саудалап келді.

Сауда нысандарында қант бағасына бар-жоғы 10 теңге, ал әлеуметтік дүкендерде 5 теңге қосылып саудаланғанымен бір жылда 57 тоннадан астам қант, яғни қоймаларда сақталған қанттың 8,4 пайызы ғана сатылып үлгерді.

Қос фирма арадағы келісім-шартқа сәйкес, қантты 2019 жылдың 1 қарашасына дейін сатып үлгеруі тиіс болған. Олай болмаған жағдайда аталмыш фирмалар оны сатып алуға жұмсалған соманы, яғни 153 мың теңгені «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына биылғы жылдың 1-ші қарашасына дейінгі мерзімде қайтаруға міндетті еді. Дегенмен, олар комиссия отырысына ақшаның қайтарылу және қанттың сатылу мерзімін тағы бір жылға ұзарту жөнінде ұсыныспен шықты.

Қанттың тез бұзылмайтын өнім екенін ескерген комиссия мүшелері олардың бұл ұсыныстарын құп алып, мерзімін ұзартуды бірауыздан қолдады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив