KZ
Өскемен
+14°
небольшая облачность жел 5 м/с, З
445.66 474.58 4.78

Қарашада азық-түлік қымбаттай түсті – Energyprom

8.11.2019, 08:41 116

Қазақстанда азық-түлік қымбаттай түсті. Бұл туралы  Energyprom сарапшылары мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. 

 Сарапшылардың айтуынша, қарашаға қарай маусымдық көкөністердің бағасы өскен. Мәселен қызанақ бір айда 12,8 пайызға, қияр 11 пайызға, сарымсақ 7,7 пайызға қымбаттаған.

Ұн және жарма өнімдерінде айтарлықтай баға өсімі байқалады: қарақұмық жармасы бірден 8,6 пайызға өссе, бірінші сұрыптағы ұн 4 пайызға, ал жоғары сұрыптағы ұн 2 пайызға өскен. Тары 1,9 пайызға, арпа және ұнтақ жармасы тиісінше 1,5 және 1,2 пайызға қымбаттаған.  Ұнмен қоса нан да қымбаттап отыр. Бірінші сұрыптағы ұннан жасалған бидай наны бірден 3,2 пайызға, қара бидай наны 2,1 пайызға, жоғары сұрыпты ұннан жасалған нан 1,4 пайызға қымбаттады.

Құс фабрикасы өнімдерінің ішінде жұмыртқа 3,1 пайызға қымбаттады. Сүт өнімдерінен шикі сүт 3 пайызға, ал пастерленген сүт 1,4 пайызға қымбаттады. Сары майдың бағасы да 2,5 пайызға өсіп отыр.

Сиыр етінің бағасы бірден 2,2 пайызға, қой еті 1,2 пайызға қымбаттаған. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив