KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, СБ
444.32 473.33 4.76

Күзгі уылдырық. ШҚО-да балық аулауға тиым салынады

7.11.2019, 09:18 193

Шығыс Қазақстандағы шаруашылық суқоймаларында балықтың ақсақа түрлерін аулауға уақытша тыйым салынады. Бұл жөнінде облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы хабарлады.

Күзгі уылдырық шашу маусымына орай балықтың ақсақа түрлерін аулауға болмайды. Осындай бұйрық шығарған инспекция, 10 қараша - 10 желтоқсан аралығында Зайсан көлінде, Бұқтырма және Өскемен суқоймаларында, Ертіс өзенінің Өскемен су-электр станциясынан бастап Шүлбі суқоймасына дейінгі, сондай-ақ Шүлбі су-электр станциясынан Павлодар облысы шекарасына дейінгі бөлігінде балықтың ақсақа түрлерін аулауға тыйым салынатынын хабарлады. Бұдан бөлек, төркөз мөлшері 40 милиметрден кішкене ау құруға да тыйым салынды.

– Бұйрыққа сәйкес, аудан, қалалардағы инспекция бөлімшелері уылдырық шашу кезінде балық аулауға салынған тыйымды қатаң бақылауға алып, құқық қорғау органдарымен бірлескен рейдтік іс-шаралар жүргізеді. Табиғи уылдырық шашатын аумақтар ерекше назарға алынып, қорықшылар қызметі күшейтіледі, – деді ШҚО орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының бас маманы Фархат Байбазаров.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив