KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да үздік жедел уәкілдер марапатталды

6.10.2022, 15:03 257

5 қазан күні ШҚО Полиция департаментінде "Қылмыстық іздестіру" күніне арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Шара барысында ШҚО ПД бастығы полиция полковнигі Серік Жүнісбеков құттықтау сөз сөйлеп, криминалдық полицияның үздік қызметкерлерін марапаттады.
- Ішкі Істер Министрлігінің бұйрығымен Риддер қ.ПБ бастығының орынбасары Дәурен Камалхановқа кезектен тыс полиция подполковнигі шені берілді, ал криминалдық полицияның тағы 15 қызметкері Полиция департаментінің грамоталары мен алғыс хаттарын алды. Ішкі істер органдарының ардагерлері де назардан тыс қалмады, олардың тәжірибесі бүгінгі күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келеді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Сондай-ақ Серік Жүнісбеков еңбек сіңірген тыл ардагерлеріне өз атынан алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара мерекелік концертпен аяқталды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив