Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Жарнама мен көрнекі ақпарат мәтінінен 350-ге жуық қате табылған - ШҚО

25.06.2022, 11:28 22 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО-да деректеме, жарнама мәтіндерінің дұрыстығын бақылауға үлкен мән берілуде, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы өңірлік коммункациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Төлемісова Роза айтты.

  • - 2022 жылдың наурыз-сәуір айларында «Сауатты жарнама – мәдениет нышаны» тақырыбында облыстың айлық өтті. Шара аясында Өскемен қаласы бойынша жарнама және көрнекі ақпарат мәтінінің дұрыстығын тексеретін «Тіл қорғандары» мониторингтік тобы құрылып, қала көшелеріндегі нысандарды аралап, иелеріне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, әдістемелік көмек көрсетті. Ондай жұмыстардың барлығы тегін жүргізілді, - деді Роза Әшімханқызы.

Биыл облыста 348 мыңға жуық нысан тексеріліп, 348 мәтіннен қате табылған. Басқарма басшысы орынбасарының айтуынша, табылған қателер жөнделген, ал жұмыстар осымен тоқталып қалмайды.

- Тек мониторингтік топпен шектелмей, құзырлы органдармен, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасымен, облыстық медициналық және фармацептикалық бақылау департаментімен ынтымақтастық туралы меморандум жасалды, - деп атап өтті ол.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив