Республика бойынша ең арзан күнбағыс майы Өскемен мен Семейде

Қазақстан күнбағыс майын экспорттаушы ел болғанына қарамастан, оның бағасы бір жылда 20% қымбаттаған.
Сайттағы мәлімет бойынша, 2022 жылдың қаңтар-мамар аралығында 197,3 мың тонна күнбағыс майы өндірілген. Бұл былтырғыдан 29,6% көп. Ал тазартылмаған күнбағыс майыны өндірісі бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 61,3% артық болған. Ал тазартылған өнімнің өндірісі былтырғыдан 6,9% аз.
- Тазартылмастан сатылатын күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан өңірі беріп тұр. Ал тазартылған күнбағыс майының 78%-ын Шығыс Қазақстан облысы (28,7 мың тонна) мен Шымкент қаласы (22,6 мың тонна) берген. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан аумағынан күнбағыс майын алып шығуға 31 тамызға дейін шектеу қойды. Сол арқылы сектордағы бағаны тұрақтандырып, тапшылықтың алдын алмақшы. Маусым-шілде айларында күнбағыс майын шығару квотасы 68 мың тонна болып бекітілді, - деп жазады Еnergyprom.kz.
Қазақстан өңірлері арасында сектордағы ең үлкен өсім бір айда Жамбыл (3,6% – ға), Қарағанды (2,2% - ға) және Ақтөбе (1,9% - ға) облыстарында, ал бір жыл ішінде Алматы (26,4% - ға), Павлодар (26,2% - ға) және Жамбыл (26,1% - ға) облыстарында тіркелді,- есепте көрсетілген.
Зерттеуде айтылғандай, 2022 жылдың мамыр айында еліміздің қалаларында күнбағыс майының орташа бағасы литріне 808 теңгені құрады.
Ең жоғары бағалар:
Атырауда (1 л үшін 859 тг);
Алматыда (1 л үшін 850 тг);
Ақтауда(1 л үшін 841 тг).
Ал ең төменгісі — Семейде (бір литр үшін 714 тг), Петропавлда (бір литр үшін 728 тг) және Өскеменде (бір литр үшін 737 тг).