KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 9 м/с, С
444.22 476.38 4.82

Шығыста суармалы жерлер игерілмей жатыр

1.11.2019, 10:00 169

Облыста игерілмей жатқан суармалы жерлері көп. Бір ғана Үржар ауданында «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты 30 мың гектар жер болса, соның тек 10 пайызы ғана мақсатты игеріліп отыр.

«Қазсушар» РМК ШҚОФ Үржар өндірістік учаскесінің басшысы Еркін Ғабдулмулиновтың айтуынша, Егінсу су қоймасы 2016 жылы іске қосылған. Мұнда 2692 гектар суармалы жер бар. Ал қазіргі күні суарылып отырғаны 550 гектар ғана. Жер учаскелері орналасқан екі ауылдық округ те оны иегеруге құлықсыз көрінеді. Жерлердің көбі Жаңатілек, Жоғарғы Егінсу округтерінің шаруа қожалықтарына тиесілі екен. Учаске бастығы игерілмеген жер мемлекетке қайтарылуы тиіс деген пікірде. Өйткені оны игеруге ниеттілер де жоқ емес дейді ол.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив