KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қасым Қайсенов кентінде терроризмге қарсы оқу-жаттығулар өтіп жатыр

30.10.2019, 20:04 106

Бүгін Өскемен қаласы мен Ұлан ауданының орталығы Қасым Қайсенов кентінің аумағында «Өскемен-Антитеррор 2019» жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Ұлан аудандық Ішкі саясат бөлімі мәлімдеді.

Жаттығуларды ШҚ облыстық және Ұлан аудандық терроризмге қарсы күрес бойынша жедел штабтары ұйымдастырып отыр.

Бұл жаттығулардың мақсаты – жедел штабтың күштері мен құралдарының террористік сипатындағы қатерлер туындаған кезде өз міндеттерін орындауға әзірліктерін тексеру. Оқу-жаттығулар аясында арнайы операция жүргізу бойынша машықтаулар мен терроризм актісін барынша азайту бойынша іс-шаралар өткізілуде.

Оқу-жаттығулар қиындықтың әртүрлі элементтерімен ұрыс жағдайларына  барынша жақындаған. Қасым Қайсенов кентінің қонақтары мен тұрғындарын жаттығуларға дұрыс көзбен қарап, сабырлық сақтауға шақырады.

Жалған ақпарат таратқандар қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны жайлы ескертеміз.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив