Аягөзде Қазақстан полициясы күніне орай салтанатты шара өтті

25 маусым күні “Қозы Корпеш-Баян сұлу” мәдениет сарайында «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының құрылуына 30 жыл» толуына орай салтанатты іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш шараға құқық қорғау саласының басшылары мен ауданда осы салада қызмет еткен ардагерлер келіп, қатысты.
- Ауданымыздағы полиция қызметкерлері де тұрғындардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне қызмет жасап, аянбай еңбек етіп, қоғамдық тәртіпті сақтау бағытында да қырағылық танытып, нәтижелі қызмет атқарып келеді. Сондықтан ауданның тәртіп сақшыларына зор алғысымызды білдіремін, деді аудан әкімі Сеилбек Ысқақов.
Аудан бойынша қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етіп, құқық бұзушылықтың алдын алып, мемлекет тыныштығының сақталуына үлестерін қосып жүрген қызметкерлерді алғыс хаттармен марапатталды.