Өскемен
-14°
переменная облачность ветер 1 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Үздік полицейлер марапатталды – Алтай ауданы

24.06.2022, 10:30 72 0 Ләззат Қанатқызы

Алтай ауданы «Горняк» МБУО-да Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жыл толуына орай мерекелік іс-шара өткізілді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, Алтай ауданы әкімінің міндетін атқарушы Сергей Охременконың атынан алғыс хаттар мен грамоталарды табыс етті.

-        Қазақстан полициясы күні - бұл Қазақстан полициясын жанқиярлықпен құрып, оның қатарында еңбек еткендердің барлығына айтылған алғыс белгісі. Бұл өз ісіне адал қызмет етіп, халықтың құрметіне ие болған ардагерлерге ризашылық білдіру. Бұл бейбіт уақытта қазақстандықтардың тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін өз өмірін қиғандарға көрсетілген құрмет, - деді Алтай ауданы әкімінің орынбасары Жанна Асқарова.

Артынша, Полиция бөлімі бастығының орынбасары А. Катчебаев полиция бөлімінің жеке құрамын құттықтап, басшылық атынан ішкі істер органдарының қызметкерлеріне де, ардагерлеріне де грамоталар мен алғыс хаттар табыс етті.
Шара соңы полиция қызметкерлеріне арналған мерекелік концертпен жалғасты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив