ШҚО-да 30 полиция қызметкеріне жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілті табысталды

23 маусым күні Қазақстан полициясының құрылғанына 30 жылдығын мерекелеуге арналған салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Шығысқазақстандық құқық қорғау органдарының 2 бірдей қызметкері ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың атынан мінсіз қызметі үшін мемлекеттік наградалармен марапатталды.
Сондай-ақ ШҚО әкімі Даниал Ахметов 30 полиция қызметкеріне жаңа тұрғын үй кешенінен пәтер кілтін табыстап, ІІМ бұйрығымен 50 полиция қызметкері мерейтойлық медальдарға ие болды.
- Лайықты және адал қызметі, ерлігі мен батылдығы үшін барлық қызметкерлерге алғысымды білдіремін. Құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне денсаулық, отбасыларына амандық және жауапты қызметтеріне табыс тілеймін, - деді аймақ басшысы.