KZ
Өскемен
+10°
облачно с прояснениями жел 7 м/с, ОБ
448.15 483.46 4.86

Өскеменде экологтар кәсіпорын жұмысын тоқтатты

19.10.2019, 06:48 122

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің тексеруінен кейін бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Естеріңізде болса, экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары арнайы акция ұйымдастырып, ауаны шектен тыс ластауы мүмкін кәсіпорынды тексеруді бастаған еді. Бұл ретте экологтар тұрғындардың арыз-шағымы мен өтініштер бойынша жұмыс жасағанын айта кетейік. Бүгін «Элхон» ЖШС мен «Авто-Шах» автосервистік орталығында жүргізілген тексеру нәтижесі жария етілді.

«Элхон» ЖШС шаң-газ ұстайтын қондырғыларды пайдалану талаптарын бұзғаны үшін ҚР ӘҚБК 331 бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Осыдан кейін кәсіпорын арнайы фильтр қондырғыларын орнатты.

Ал «Авто-Шах» айыппұлмен ғана құтыла алмады. Автосервистік орталық ҚР экологиялық заңнамасының талаптарын өрескел бұзып отыр. Экологтар бұзушылықтар түзетілгенге дейін, кәсіпорынның жұмысын тоқтата тұруды жөн деп тапты.

Экологиялық қауіпсіздік орталығының мамандары тексеру жұмыстарын жалғастырады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив