KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 2,5 м/с, Ю
448.15 483.46 4.86

4 балаға 42 мың, 7 балаға 74 мың. Қазақстанда жаңа жәрдемақы тағайындалды

18.10.2019, 10:48 354

Қазақстанда көпбалалы отбасыларға ай сайын 75 мың теңгеге дейін берілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Елімізде көпбалалы отбасыларға арналған жаңа мемлекеттік жәрдемақы тағайындалды. 2020 жылдың бірінші қаңтарынан бастап 340 отбасы қаржылай қолдауға ие болмақ. Аталмыш жәрдемақы көпбалалы отбасылардың табысына қарамастан төленеді. Тек отбасында 4 немесе одан көп кәмелетке толмаған, сондай-ақ 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын бала болуы шарт.

Мемлекеттік жәрдемақының мөлшері бала санына қарай есептеледі. Мәселен 4 баласы бар үйге 42 500 теңге беріледі. 5 балаға 53 125, 6 балаға 63 750, 7 баладан жоғары болса, 74 375 теңге төленбек. Демек, орта есеппен алғанда, әр балаға 10-11 теңгеден келеді.

Қосымша ақпаратты 111-ге қоңырау шалып немесе enbek.gov.kz арқылы алуға болады.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив