KZ
Өскемен
-5°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстан азық-түлік бағасының өсуі бойынша көш бастады

18.10.2019, 09:09 115

Еуразиялық экономикалық одақтың статистикалық деректеріне сүйенсек, жылдық инфляциясы бойынша Қазақстан көш бастайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
2019 жылдың қыркүйегінде елдегі баға 2018 жылдың қыркүйегімен салыстырғанда 5,3%-ға өсті. Ал Ресейде жылдық инфляция 4%-ды, Қырғызстанда 2,3%-ды, Арменияда 0,5%-ды құрады.

Қазақстан азық-түлік бағасының өсуі бойынша да ЕАЭО-ның барлық елдін басып озды, бір жыл ішінде 9,1%-ға артқан. Ресейде бұл тауарлар 4,6%-ға, Беларусьте 5,8%-ға, Қырғызстанда 4,1%-ға қымбаттады. Ал Арменияда керісінше, 0,8%-ға арзандады.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар инфляциясы бойынша да Қазақстанда қара үзіп кетті – 5,4%. Ресейде бұл көрсеткіш 3,4%-ға, Беларусьте 3,5%, Қырғызстанда 1% және Арменияда 2,4%-ға тең.

Айта кетейік, тұтас ЕАЭО-дағы жылдық инфляция 4,1%-ға пара-пар.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив