ШҚО әкімі мемлекеттік қызметшілердің құттықтады

Бүгін, 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күні. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 2003 жылы әр жылдың 23 маусымын мемлекеттік қызметшілер күні деп атап өту жөнінде ұйғарым жасаған болатын.
- Мемлекеттік қызметшілер – билік пен бұқараның арасын жалғап, ел дамуының ілгерілеуіне ықпал ететін негізгі күш. Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев атап өткендей, мемлекеттік қызметшілердің кәсіби, тиімді және жемісті жұмысы мемлекеттілікті нығайтудың және еліміздің барлық азаматтарының әл-ауқатын арттырудың маңызды факторы болуы тиіс. Бұл жауапты сала мамандары күн сайын елдің, өңірдің, қаланың, тіпті ең кішкентай елді мекеннің игілігі үшін жұмыс істейтін адамдар. Сондықтан қазақстандық қоғамның тұрақты дамуы мен өркениетті бейнесі олардың абыройлы еңбектеріне тікелей байланысты. Мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, ел игілігі жолындағы қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, береке-бірлік тілеймін! – деді аймақ басшысы.