KZ
Өскемен
+17°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, С
446.49 475.38 4.79

Өскеменде әйелдер дәрігерлерге тегін қаралады

16.10.2019, 08:27 137

Өскеменде әйелдер дәрігерлерге тегін қарала алады. Онколог мамандар «Ашық есік» күнін жариялады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

26 қазан күні облыстық көпсалалы онкология және хирургия орталығында өтетін іс-шара «Дүниежүзілік сүт безі обыры туралы хабардарлық» күніне орайластырылып отыр.

Бұл күні әйелдер қауымы жергілікті дәрігердің жолдамасынсыз маммолог-дәрігерлерден нақты кеңес ала алады.

Тегін қабылдау сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүреді. Серікбаев көшесі, 1 мекенжайы бойынша орналасқан емхананың  1 корпусында.

Байланыс телефондары: 8 (7232) 70-59-22, 8 (7232) 70-59-76, 8 (7232) 74-26-98, 8 (7232) 74-28-35.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив