KZ
Өскемен
+19°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
447.4 477.55 4.76

"Аспаннан ракета бөлшегіне ұқсас бірдеңе құлаған" - Катонқарағайдағы өрт

15.10.2019, 07:33 185

Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде шыққан өртке аспаннан құлаған әлдене себеп болуы мүмкін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі КТК сайтына сілтеме жасай отырып.

Естеріңізде болса, осыдан бірер күн бұрын Катонқарағай ұлттық табиғи паркінде шыққан өрт жайлы жазған болатынбыз. 80 гектардан астам жерді жалмаған өрттің шығу себебі әзірше анықталып жатыр. Алайда, жергілікті тұрғындардың айтуынша, өрт шыққан күні аспаннан әлдене құлаған. Тіпті аспанда ізі де қалып қойыпты.

– Аспаннан құлаған затты бірнеше адам көрген. Тіпті телефондарына түсірмекші де болыпты. Құлаған зат ракетаның бір бөлшегі болуы мүмкін. Жалын 82,2 гектар жерді жалмап өтті, – дейді РМҚК «Казавиалесоохрана» ұшу-өндірістік қызметінің инспекторы Владимир Санаров.

Мамандардың айтуынша, бұл жерге адам аяғының жетуі оңай емес екен. Сол себепті Ұлттық парктегі тілсіз жау үш күннен соң ғана ауыздықталыпты алайда өрт әлі толық өшірілген жоқ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив