KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Күзетшілер. Қазақстандағы ең тапшы мамандықтар анықталды

10.10.2019, 10:46 151

Қазақстандағы ең тапшы мамандықтардың көшін күзетшілер бастап тұр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Еңбек биржасындағы мәліметтер осылай дейді. Түйіндемелер мен бос жұмыс орындары санының арақатынасы бойынша 2019 жылдың үшінші тоқсанында ең тапшы мамандық күзетшілер деп танылды.

Еңбек ресурстарын дамыту орталығы сарапшыларының мәлімдеуінше, осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша еңбек нарығында 3,3 мыңнан астам күзетші жұмыс орны бос қалған.

Сондай-ақ тапшы мамандықтардың үздік бестігіне тәрбиешілер (1,5 мыңнан астам бос орын), даяшылар (1,5 мың), сатушы-кассирлер (1,3 мың) және тәрбиешілердің көмекшілері (1,2 мың) кірді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив