KZ
Өскемен
+11°
облачно с прояснениями жел 4 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

«0% дайындық» - Өскемендегі 29 үй жылыту маусымына дайын емес

7.10.2019, 06:58 148

Өскемен əкiмдiгiнде өткен Қоғамдық кеңес отырысында қаланың 2019-2020 жылу беру маусымына дайындығы талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жиында  «Өскемен қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» ММ басшысы басшысы Фархат Жілібаев бекiтiлген кесте бойынша тиiстi жұмыстар атқарылып жатқанын жеткiздi.

- Бүгiнде қалада 1666 тұрғын үй орталықтандырылған жылу жүйесiне қосылған. Пешпен жылытылатын үйлердің саны – 55. Оның ішінде 29 үйдің жылыту маусымына дайындығы 0%. 33 үйдің дайындығы 20%-ды ғана құрайды, - дейдi ол.

Отырыста проблемалардың арасында ПИК мəселесi, тұрғындардың уақытылы ақша тапсырмауы секiлдi түйткiлдердi ерекше атап ɵтілді.

Қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова аталған мәселені екі апта уақыт ішінде шешуге тапсырма берді.

- Қойылған талаптар орындалғанға дейін 29 үйге жылу берілмесін, - деді қала әкімінің орынбасары. орынбасары.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив