KZ
Өскемен
-6°
ясно жел 2 м/с, СБ
443.85 474.3 4.8

Қазақстанда ет қымбаттады

7.10.2019, 06:38 154

Елімізде бір жылдың ішінде еттің бағасы айтарлықтай қымбаттады. Бұл туралы Energyprom.kz порталында жарияланып отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әсіресе, тауықтың сан етінің бағасы ерекше көтерілген: 19,3 пайызға. Қазір сан еті келісі 822,6 теңгеден сатылуда.

Ал тауық еті жыл басынан бері 18,6 пайызға қымбаттап, 897,9 теңгеге жетті.

Қой еті 16,8 пайызға қымбаттаған. Келісі 1676 теңгенеден саудаланып жатыр.

Сиыр еті 15,1 пайызға қымбаттап, бағасы 1748 теңгені құрады.

Талдаушылардың есебіне сүйенсек, жылдың соңғы тоқсанында ет пен ет өнімдерін тұтыну 1,8 пайызға азайып кеткен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив