Өскемен
-10°
переменная облачность ветер 2 м/с, С
462.36 493.48 5.99

Аудан әкімдері мердігерлермен жұмысты жандандаруы керек – Даниал Ахметов

22.06.2022, 09:43 8 0 Ләззат Қанатқызы

Аудан әкімдері мердігерлермен жұмысты жандандарып, әрбір объект бойынша жұмыс және қаражатты игеру кестесін жасауы тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ауылдарда әлеуметтік-мәдени нысандар салу мәселесі жөнінде өткен кеңесте ШҚО әкімі Даниал Ахметов айтты.

Қазір Топқайың ауылында клуб, дәрігерлік амбулатория және Қалжыр ауылында спорт модулінің құрылысы жүріп жатқан көрінеді.

Сонымен қатар, Бозанбайда, Таврияда, Айыртау мен Марқакөлде дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және Үлкен Нарын ауылында бассейн құрылысы қарқынды жүруде. Негізгі жоспар бойынша аталмыш объектілер 2022 жылы аяқталуы керек.

-        Мен құрлыс басқармасына әр нысанға барып, құрылыстың сметаларын, жұмыс кестелерін және шарттарын тексеруді тапсырдым. Осы салада біз мерзімнен кешікпеуіміз керек және бұзушылыққа жол бермеуге тиіспіз, - деп атап айтты аймақ басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив