KZ
Өскемен
+14°
пасмурно жел 2 м/с, ОШ
447.4 477.55 4.76

Семей тұрғыны жүкті әйеліне келген дәрігерлерді сабап тастады

2.10.2019, 10:14 160

Семей тұрғыны аяғы ауыр келіншегіне шақырту бойынша келген фельдшерді соққыға жықты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

 Бұл туралы ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді. 

Ер азамат ұялы телефоны арқылы дәрігерлер бригадасын шақырған. Жүкті әйел медицина қызметкерлеріне іш тұсы ауырсынып тұрғанын айтқан. Дәрігерлер оған түсік жасау қаупі бар екенін ескертіп, ауруханаға жеткізген. 

Дәрігерлердің айтуынша, науқастың күйеуі мас болған. Әйеліне ауыртпайтын дәрі егуді талап етіп, фельдшерді соққыға жыққан. Осыдан кейін ауруханаға полиция келді.

Фельдшерлердің миы шайқалып, түрлі жарақат алған. Ал жұрық ала жүгірген ер азаматтың мұрны сынған. Осы орайда айта кетуіміз керек, дәрігерлер алған жарақаттарына қарамастан, аяғы ауыр келіншекке медициналық көмек көрсеткен.

Фельдшерлердің екеуі де аурухананың нейрохирургия бөліміне жатқызылды. 


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив