KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жас ақындар байқауы өтеді

30.09.2019, 10:19 264

Өскеменде жас ақындардың талабын ұштауға арналған байқау өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

А.С.Пушкин атындағы облыстық кітапхана «Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасын жариялады.

Жыр бәйгесі туралы толық мәлімет төменде көрсетілген:

Елбасымыздың бастамасымен жариялағанған «Жастар жылына» орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы «Восток Агро Холдинг» ЖШС демеушілігімен облыстық жас ақындар мүшәйрасын жариялайды. ​

Мақсаты:

·​Белгілі ақын Ақтан Нұрбаевтың шығармашылығын жастарға насихаттау, таныту;

·​Жас шығармашылық иелеріне қолдау көрсету, насихаттау;

Шарты:

·​Мүшәйраға жасы 29 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады;

·​Жыр сайысына Ақтан Нұрбаев ақынға арнау 1 өлең, Шығыс Қазақстанның көркем табиғатын, киелі жерлерін (Берел, Шілікті, Рахман қайнары, Марқакөл, Қатонқарағай, Сауыр, Барқытбел, Тарбағатай, Бесқарағай, Аягөз, Шыңғыстау т. б) жырлаған 1 өлең (жалпы 2 өлең) ұсынылады.

·​Жолданған өлеңдер бұрын еш жерде жарияланбаған болуы шарт.

·​Өлеңдер 14 қаріп түрімен 1.5 аралықта терілген, 4 беттен аспауы керек. Талапқа сай келмейтін шығармалар қабылданбайтындығын ескертеміз.

Өлеңдер 2019 жылдың 25 қазанына дейін қабылданады. Өлеңдерді қазылар алқасы бағалайды.

​ Мүшәйра қараша айында өтетін «Шығыс Қазақстанның әдебиет апталығы» шарасында қорытындыланып, жүлдегерлер ақшалай сыйлықтармен марапатталады.

1-орын – біреу​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

2-орын – біреу​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

3-орын – екеу​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​ ​

арнаулы сыйлық – екеу

Өлеңдер pushkinlibrary@yandex.kz ​ электронды поштасына жіберілуі тиіс. Ақындардың аты-жөні, байланыс телефоны, жұмыс орны немесе оқу орны көрсетілуі керек.

Байланыс телефоны: 8 708 900 5384​

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив