KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 10 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

2654. ШҚО-да аю көбейіп келеді

27.09.2019, 11:16 149

Шығыс Қазақстан облысында аю көбейіп келеді. Жыртқыштар тіпті есік алдына дейін келіп, тұрғындардың зәресін алды. Мамандар маймақ жануардың саны неліктен күрт артқанын түсіндірді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыстық аймақтық орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі инспекциясының 2019 жылғы мәліметінше, ШҚО-да аюлардың саны өскен. 

– Бірінші кезекте бұл аюлардың табиғи мекенін ауыстыруымен байланысты. Биыл біздің мамандар 2654 аю санады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты және азықтың болмауына байланысты аюлар үй жануарына және қоқыс контейнерлеріне шабуылдайтын болаған, – дейді аймақтық инспекция өкілдері. 

2018 жылы аңшыларға 57 қоңыр аюды атуға рұқсат берілді. Сондай-ақ 2019 жылы аңшылық маусымы ерте басталғанын айта кетейік.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив