Өскемен
-15°
небольшая облачность ветер 2 м/с, СВ
462.36 493.48 5.99

Бесқарағайда «Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған» атты мерекелік шара өтті

21.06.2022, 10:49 7 0 Ләззат Қанатқызы

19 маусым күні Бесқарағай ауданының аудандық Мәдениет үйінде Медицина қызметкерлері күніне арналған "Деніңе саулық, дертіңе шипа сыйлаған" атты мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Баршамызға мәлім, елімізде маусым айының үшінші жексенбісінде медицина қызметкерлері күні атап өтіледі.
Іс-шара барысында Бесқарағай ауданының әкімі Жарқынбек Байсабыров ауданда қызмет ететін медицина қызметкерлерін және сала ардагерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің "Денсаулық сақтау саласына қосқан үлесі үшін" төсбелгісімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапаттады.

-        Дүниежүзінде мыңдаған мамандық бар болса, солардың ең құрметтісі де, күрделісі де - медицина. Себебі, бұл сала күн сайын бір жаңалықпен толығып, оны жіті меңгерген медицина қызметкерлері қаншама адамның жанына араша болып жүр. Әлем жұртының басынан өткен кешегі пандемия майданында да дәрігерлеріміз алдыңғы шепте жүрді. Сондықтан "бірінші байлық - денсаулық" дейтін болсақ, қиналғанда қол ұшын созатын ақ халатты абзал жандарымыздың әрқайсысын құрметті азамат тұтып, шексіз алғыс білдіруге тиіспіз, - деді Жарқынбек Борашұлы.

Іс-шара аудандық Мәдениет үйінің әзерлеген мерекелік концертімен жалғасты.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив