KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қостанайда болған айтыста жерлесіміз жүлдегер атанды

27.09.2019, 09:40 111

Қостанайдан сүйіншілі хабар жетті! Бейімбет Майлиннің 125 жылдығына орай өткен республикалық жыр додасында айтыстың солақай серісі атанған әріптесіміз Серік Құсанбаев екінші орын алды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Айтыстың бірінші айналымынан ірікілмей өткен жерлесіміз екінші айналымда сол өңірдегі ақындардың бірі Салтанат Өтелбаевамен сөз қағыстырып, қазылар алқасынан ең жоғары 50 деген ұпайды еншілеген-ді.

Екінші айналымға өткен сегіз ақынның ішінен Айтыстың ақтангері Айбек Қалиев пен бүгінгі буынның жүйріктерінің бірі Мейірбек Сұлтанхан да сондай жоғары ұпаймен өткен екен. Қазылар алқасы ақылдаса келе Бас жүлдені Айбекке, бірінші орынды Мейірбеке беріпті. Сондай-ақ Серік Құсанбаевпен бірге Әсем Ережеқызы да екінші орынды иеленді. Ал үшінші орынға Шұғайып Сезімхан мен Салтанат Өтелбаева табан тіреді.

Талай жыл айтыстың ауылынан шалғай жүрген әріптес-ағамыздың бұл аяқ алысына бүкіл жанкүйері қуанары хақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив