KZ
Өскемен
+11°
ясно жел 8 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскемендегі иесіз иттерді атуға 11 миллион теңге жұмсалады

25.09.2019, 08:03 126

Өскеменде қаңғыбас иттерді ұстау үшін 11 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі. Бұл туралы қалалық әкімдіктің отырысында айтылды.

Қалалық ветеринария бөлімінің жетекшісі Серікхан Күдебаевтың айтуынша қазірдің өзінде қалада 1682 ит пен 115 мысық атылыпты. Оларды аулауға 9 миллион теңге қарастырылған, ал қалған 2 миллион теңгесі зарарсыздандыру жұмыстарына бөлініпті.

Бастаманы шаһар басшысы Жақсылық Омар да құптады.

– Қаңғыбас иттер кішкене балалар үшін ғана емес егде жастағы адамдар үшін де қауіпті. Өйткені олар адамға түрлі ауру жұқтыруы мүмкін. Сондықтан қоғамға қауіпті бұралқы ит пен мысықтардан дер кезінде құтылған дұрыс. Егер қаражат жетпей жатса, қосымша тағы бөлеміз, – деді қала әкімі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив