KZ
Өскемен
+10°
пасмурно жел 2 м/с, Ю
447.4 477.55 4.76

Бір үйір аю аулаға басып кірді – Шығыс (ВИДЕО)

25.09.2019, 03:48 122

Риддер қаласы мен Тарбағатай, Ұлан аудандарында аюлар үйлердің ауласына дейін басып кіріп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Орманшы мен аңшылардың айтысынша, биыл жидек аз шыққан. Сол себепті аюлар сиырлар мен омарталарға шабуда.

Жуықта тіпті бір үйір аю Риддердегі әлдебір құрылыс компаниясының ауласына басып кіріпті. Оны компания қызметкерлерінің бірі видеоға түсіріп алған екен.

– Тарбағатай мен Ұлан ауданының тұрғындары да аюдың ірі қараға қасқырдан көп шауып жатқанын айтады. Міне, жағдай осыған жетті. Бұлай жалғаса берсе, адамның да зиян шегуі мүмкін, – дейді аңшы Василий Ткаченко.

Мамандар сөзінше, биыл Шығыста аю саны көбейді. Өңірде 3 мыңдай аю бар екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив