Өскемен
-4°
облачно с прояснениями ветер 2 м/с, ЮВ
456.98 489.43 6.45

Өскеменде 317 мың тонна көмір қоры бар

20.06.2022, 15:14 31 0 Ләззат Қанатқызы

ШҚО әкімі қала және аудан әкімдерімен жылу беру маусымына дайындық және инфляциялық үдерістер мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Облыс әкімінің айтуынша, мониторингтік топтар 11 қала мен аудандардағы 2500 үй маңындағы дүкендерді тексерген болатын. Заң бұзушылықтар анықталғаннан соң кәсіпкерлерге ескерту жасалған. Алайда 11 дүкенде азаматтардың өтініші бойынша тексеру қайта жүргізіліп, әкімшілік шаралар қабылданған. 

-        Тарбағатай, Самар аудандарында жұмысты күшейту керек. Ал көмір қорына келетін болсақ, қазір өңірдің әлеуметтік нысандарына отын жеткізу жалғасуда. Өскемен ЖЭО-дағы көмір қоры 317 мың тоннаны құрайды. Бірақ Риддердегі ЖЭО үлкен алаңдаушылық туғызып отыр. Себебі жүргізілген талдау қазандықтардың тозуы 80 - нен 98 пайызға дейін екенін көрсетті. Біз тарапымыздан Риддердің жылыту маусымына уақтылы қосылуы үшін барлық шараларды жасаймыз, - деді аймақ басшысы.

Біздің Instagram-ға жазылыңыз

Жаңалықтарды жылдамырақ көріңіз

Жазылу

Пікірлер (0)

Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив