KZ
Өскемен
+13°
пасмурно жел 1,9 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қазақстанның алты облысында дабылды ескерту жарияланды

21.09.2019, 05:37 191

"Қазгидромет" РМК республиканың бірқатар өңірінде дабылды ескерту жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

21 қыркүйекте Ақмола облысында түнде кей жерлерде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз найзағай ойнап, оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 15-20 м/с жел соғады.

Ертең түнде Солтүстік Қазақстан облысының кейбір аймағында 1-3 градус үсік болады деп болжанып отыр. Күндіз найзағай жарқылдайды, жел тұрады. Петропавлда найзағай ойнайды.

Қостанай облысында найзағай ойнап, тұман түседі. Түнде 1-3 градус үсік жүреді, күндіз жел соғады.

Қызылорда облысында желдің жылдамдығы кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде –  найзағай, қатты жел. Ақтау қаласында да найзағай ойнап, екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Атырау облысында кей жерлерде найзағай жарқылдайды, күндіз солтүстік, солтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20 м/с дейін барады. Атырау қаласында да найзағай ойнап, жел соғады деп болжануда.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив