KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 11 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады

5.10.2022, 15:41 156

Облыс әкімі тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қабылдауда «Авиценна» отбасылық денсаулық орталығы» ЖШС басшысы Ардақ Қамытов автокөлік жуатын жерге жақын орналасқандықтан жаңа емхана ғимаратын іске қоса алмай отырғанын айтты. Аталмыш орталықта 60 дәрігер жұмыс істейді, миллиард теңгеге жабдық сатып алынған.

– Бейіндік департаменттер мәселені зерттеп, кәсіпорын жұмыс істей алатындай етіп қысқа мерзімде шешеміз, – деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Сондай-ақ ауданнан келген көпбалалы ана Сәуле Байырова қызының облыс орталығындағы нейрохирургтардың тұрақты бақылауын қажет ететін ауыр сырқаты бар екенін айтты.

– Олар Өскеменде тұрғын үй кезегінде тұр, мен анасы мен қызын «Үлбі» медициналық-әлеуметтік орталығына уақытша орналастыруға өкім бердім, – деді әкім.

Ал Дамир Райымханов есімді азамат әкімге сегіз бағыт бойынша еріктілерді оқыту орталығын құру туралы қызықты жоба ұсынды. Облыс басшысы жобаны қаржылық-экономикалық тұрғыдан қарастырып, тиімді жүзеге асырудың жолдарын дайын есептеулермен түсіну керек екенін айтты.

– Зайсан ауданын дамыту бойынша бірқатар мәселелермен Қабиолда Сайранов жүгінді, олардың барлығы аудан әкіміне берілді және менің жеке бақылауымда болады. Қазір Қызылорда облысында тұратын Алтынбек Өмірзақов еңбегі артық өңірлерден қоныс аудару бағдарламасы бойынша ШҚО-ға көшуге ниет білдірді. Ол көп балалы әке, мамандығы бойынша заңгер. Мен жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына осы мәселені қарастырып, қоныс аударудың мүмкіндіктерін ұсынуды тапсырдым, – деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив