KZ
Өскемен
+11°
переменная облачность жел 6 м/с, СБ
445.66 474.58 4.78

Жыл соңына дейін 641 шақырым автожолда көлік қозғалысы ашылады

19.09.2019, 04:15 128

Қазақстанда ағымдағы жылдың соңына дейін 641 шақырым автожолда көлік қозғалысы ашылады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Жол торабы жол инфрақұрылымының сапасын жақсарту мақсатында қазір  республикалық маңызы бар автожолдардың 6 мың шақырымында, облыстық және аудандық маңызы бар автожолдардың 4,6 мың шақырымында жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мәлімдейді.

Жыл соңына дейін Нұр-Сұлтан-Павлодар, Щучинск-Зеренда, Бейнеу-Ақжігіт, Жетібай-Жаңаөзен, Таскескен-Бақты, Теміртау-Қарағанды тас жолдарының учаскелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстар толық аяқталады.

Алдағы жылы 13 жаңа жоба бойынша 7 мың шақырым автожолдар жөнделетін болады.

2025 жылға қарай тас жолдардың күйін 100%-ға жақсарту көзделген екен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив