KZ
Өскемен
+17°
ясно жел 10 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да жұмысшы мамандар даярлауға 5885 бюджеттік орын қарастырылған

13.09.2019, 04:04 196

Биыл облыстағы колледждерде орта деңгейдегі және жұмысшы мамандар даярлауға 5885 бюджеттік орын қарастырылған. Бұдан бөлек, техникалық және кәсіби мамандықтар алудан серпіндіктер де құр алақан қалмайтын сыңайлы. Аталмыш бағдарлама бойынша, биыл өңірдегі колледждерге 210 гранттық орын бөлінген, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Білім және ғылым министрлігінің хаттамалық шешіміне сәйкес, облыстық Білім басқармасына «Білім туралы» заңының 35-бабы аясында жоғары оқу орындары мен колледждерде техникалық орта білім мамандарын даярлауды қамтамасыз ету жөнінде тапсырма берілген болатын, – деді қаулы жобасын Қоғамдық кеңес мүшелерінің назарына ұсынған облыстық Білім басқармасы басшысының орынбасары Қажымұқан Оспанғалиев. – Аталмыш заңның 35-бабында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқу процесін білім беру ұйымдарының ақылы қызметтер көрсетуден алатын кірістері есебінен қамтамасыз ететіндігі көрсетілген. Осыған байланысты 298 гранттық орынды қайта бөлу қажеттігі туындады. Оның 213-і С.Аманжолов атындағы ШҚМУ колледжіне бөлінсе, Қазақстан-Американдық еркін университеті жанындағы колледжге 85 орын берілді.

Құзырлы мекеме өкілінің ұсынған қаулы жобасы бойынша 2019-2020 оқу жылында өңірдегі колледждерге орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіби мамандарды даярлауға 6200 бюджеттік орын бөлінген екен. Оның 3444-і орта деңгейдегі мамандарды даярлауға қарастырылса, 2441-і жұмысшы мамандарды дайындауға, ал 210 гранттық орын «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша келгендерге бөлінген. Сондай-ақ 105 гранттық орын Семей қаласындағы Дүйсенбі Қалматаев атындағы Мемлекеттік медициналық колледжі мен Өскемен политехникалық колледжінде қолданбалы бакалавриат бойынша қарастырылған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив