KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность жел 2,2 м/с, З
444.32 473.33 4.76

«Канело-GGG» үшінші жекпе-жегі өтеді – Де Ла Хойя

12.09.2019, 06:32 66

Оскар Де Ла Хойяның айтуынша, Геннадий Головкин мен Сауль Альварес арасында үшінші кездесу сөзсіз болады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы Vesti.kz Boxingscene.com порталына сілтеме жасай отырып    мәлімдеді.

– Головкинмен кездесу болатыны сөзсіз, алайда ол «Канело» қойған шарттар бойынша өтеді. «Канелоға» таңдау көп, сондықтан Головкинге қайтадан Альварестің деңгейіне дейін сатылап көтерілу керек. Егер GGG солай жасайтын болса, үшінші кездесу өтетініне 100% сенімдімін, – дейді Сауль Альварестің промоутері Де Ла Хойя.

Еске салайық, бұған дейін Головкин мен «Канело» екі рет кездескен болатын. Алайда жекпе-жектердің нәтижесі сарапшылар мен жанкүйерлер арасында ірі дау туғызды. 2017 жылы қазылар қос боксшы тең түсті деген қорытындыға келген болатын. Бірақ көптеген бокс жанкүйерлері мен сарапшы мамандар қазақстандық боксшы басым болды деген ойларын сеніммен  айтқан еді. Ал 2018 жылғы кездесуде қазылардың шешімімен жеңіс Альвареске берілді.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив