KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
449.58 486.94 4.86

«Астана» - «Манчестер Юнайтед» билеттерінің бағасы жарияланды

12.09.2019, 04:23 234

«Астана» мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы матч билеттерінің бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы «Астана» клубының ресми сайтында жазылды. Еуропа Лигасының топтық кезеңінде елордалық команда МЮ, АЗ, Партизан клубтарымен кездеседі.

28 қараша күні «Астана» Қызыл сойқандарды өз алаңында қабылдайды. Билет бағасы 4 мыңнан басталып, 55 мың теңгеге дейін барады. Ал «АЗ» және «Партизан» командаларымен болатын матч билеттерінің бағасы 1 500-12 000 теңге аралығында болады.

Астана-МЮ матчы:

1-ші санат – 55 000 теңге;
2-ші санат – 40 000 теңге;
3-ші санат – 25 000 теңге;
4-ші санат – 16 000 теңге;
5-ші санат – 11 000 теңге;
6-шы санат – 4 000 теңге.

«Аз» және «Партизанға» қарсы матчтар:

1-ші санат – 2 000 теңге;
2-ші санат – 7 000 теңге;
3-ші санат – 4 000 теңге;
4-ші санат – 3 000 теңге;
5-ші санат – 2 000 теңге;
6-шы санат – 1 500 теңге.

Матч билеттері ойын күні жақындағанда сатыла бастайды.

Еуропа Лигасы матчтарының "Астана Аренадағы" уақыт кестесі:

«Астана» - «Партизан – 03.10.2019
«Астана» - «АЗ Алкмар» – 07.11.2019


«Астана» - «Манчестер Юнайтед» – 28.11.2019

Барлық үш ойынға абонемент сату 12 қыркүйек күні сағат 11.00-де басталады. Абонементерді «Астана» ФК-ның ресми сайтынан сатып алуға болады:

1-ші санат – 65 000 теңге;
2-ші санат – 50 000 теңге;
3-ші санат – 30 000 теңге;
4-ші санат – 20 000 теңге;
5-ші санат – 13 000 теңге.

Осы орайда айта кетейік, жанкүйерлер абонемент сатып алу арқылы «Астана-МЮ» матчының билеттерін уақытынан бұрын сатып ала алады. Негізінде аталмыш ойынға билеттер қараша айында ғана сатылымға шығады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив