KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Үй құрылысын бастау үшін алдымен мына құжаттар қажет

10.09.2019, 06:21 164

Тұрғын үйлермен шаруашылық құрылыстарын өз бетiмен сала бастаған немесе оны салған адам еліміздің заңнамаларына сəйкес жауапкершілік арқалайды. Демек, үйдің іргетасын құйып, қабырғасын қаламас бұрын осы салаға жауапты сəулет бөліміне кіріп шыққаныңыз артық болмас.

Облыстық Құрылыс, сəулет жəне қала құрылысы басқармасының хабарлауынша, жеке тұрғын үй құрылысы басталғанға дейін сәулет-жоспарлау тапсырмасын және техникалық шарттарды, яғни болашақ үйдің жоспарын жобалау мен әзірлеуге рұқсат алу қажет. Сәулет-жоспарлау тапсырмасын алу үшін «Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау және қайта жабдықтау) жобалар әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну» мемлекеттік қызмет көрсету шеңберінде www.egov.kz электрондық үкімет порталына өтініш беріліп, құжаттар жіберіледі. Аталмыш құжатты алу үшін мынадай құжаттар өткізіледі:

- сәулет-жоспарлау тапсырмасын ұсыну туралы өтініш;

- жер учаскесіне құқық беретін құжаттардың электронды көшірмелері;

- инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне қосылуға арналаған техникалық шарттар үшін толтырылған сауалнама парағының көшірмесі.

Сәулет-жоспарлау тапсырмасы 6 жұмыс күні ішінде, ал берілмейтіні жөніндегі бастарту 5 күн ішінде дайын болады.

Тағы бір қоса кететін жайт еліміздің Азаматтық Кодексінің 224-бабына сәйкес, мемлекетке тиесілі, жер учаскелері болып қалыптаспаған немесе үй салған тұрғынға тиесілі емес жерде құрылысты жүзеге асырған азаматтардың бұл әрекеті өз бетінше салынған құрылыс болып саналады. Сондықтан құрылысты бастамас бұрын қолыңызға жер телімін атыңызға меншіктейтін актіні алып алғаныңыз жөн.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив