KZ
Өскемен
+8°
ясно жел 4 м/с, С
443.85 474.3 4.8

Өскеменде "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" ғылыми конференциясы өтіп жатыр (ВИДЕО)

6.09.2019, 11:04 198

Өскеменде "Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі" халықаралық конференциясы өтіп жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі ғылыми-тәжірибелік конференция  аясында Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ-да көне дәуір жауһарларын көпшілік назарына ұсынған көрме өтті.

 Көрмеге Берел, Елеке сазы, Шілікті қорымдарынан табылған археологиялық ескерткіштер қойылды. Сондай-ақ, ШҚО өнер музейі Алматы қаласының суретшісі Е.Садырбаевтың «Қазақ алтайы көшпенділерінің өмірі мен тұрмысы» атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.

– Бүгінгі халықаралық конференцияға Ресей, Түркия, Франция сынды шет елдерден ғалымдар мен тарихшылар келді. Шығыстан табылған сенсациялық археологиялық ескерткіштер әлем ғалымдарының қызығушылығын арттырады деген сенімдеміз, – дейді облыс әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова.

 Халықаралық конференцияға Ресей, Әзірбайжан, Туркия, Оңтүстік Корея, Үндістан, Жапония елдерінен келген ғалымдар мен тарихшылар және зерттеушілер қатысты.

– Зерттеулер қорытындысы бойынша Берелден табылған адамның генетикалық коды қазақ, өзбек және қырғыз халықтарымен ғана емес, бүкіл Шығыс Азия халықтарымен, атап айтсақ, жапондармен де байланысты – дейді Сайто Нарайя, Токио университетінің профессоры.

Конференцияда Зейнолла Самашев, Әбдеш Төлеубаев, Сайто Нарайя, Ахмет Ташағыл, Шахбазов Тахир, Шаңбай Тұрдықұл. Есім Ғарифулла сынды профессорлар баяндама жасады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив