Татьяна Чернышова: "Ұлттық құрылтай азаматтардың елді басқаруға қатысуын қамтамасыз етеді"

Қазақстанда ҚР Президенті жанындағы Ұлттық құрылтай құрылды. Оның құрамына Мемлекет басшысынан басқа, БАҚ, спорт, бизнес, мәдениет және ғылыммен қоса, түрлі саланың белгілі қайраткерлері кірді.
Құрылтайдың құрылуына байланысты «Экокелісім» Шығыс Қазақстан облыстық қауымдастығы» ЗТБ президенті, AMANAT партиясы ШҚ филиалының аймақтық қоғамдық экологиялық кеңесінің төрайымы Татьяна Чернышова өз пікірін білдірді.
- Қазақстан дамуының жаңа бағыты өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған, ол үшін азаматтардың елді басқаруға қатысуын қамтамасыз ететін жаңа тетіктер қажет. Ұлттық құрылтай құрудың негізгі мәні де осы. Аса маңызды мемлекеттік мәселелерді шешу үшін Еуропалық парламенттердің аналогын жасадық және бұл жаңа Қазақстанды құрудағы маңызды кезең деп білемін, - деп пікір білдірді Татьяна Чернышова.
Оның айтуынша, Ұлттық құрылтай міндеттерінің бірі-қоғам, саяси партиялар, үкіметтік емес сектор және мемлекеттік органдар өкілдері арасында сындарлы диалогты қамтамасыз ету. Осылайша "халық үніне құлақ асатын мемлекет" қағидаты қамтамасыз етіледі. Құрылтайға көптеген салалардың өкілдері кіруі маңызды мәселелерді талқылау кезінде шындыққа әкелетін пікірлердің плюрализмін қамтамасыз етеді.