Піл мен мүйізтұмсықтың төбелесі видеоға түсіп қалды

Крюгер атындағы Ұлттық паркте піл мен мүйізтұмсық төбелесті. Видео қорықтың YouTube-каналында жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аталмыш парк Оңтүстік Африка Республикасында орналасқан.
Кадрда көрініп тұрғандай, мүйізтұмсық төлін ертіп суатқа түскен. Осы сәтте піл жақындап келеді. Мүйізтұмсық, бәлкім төлін қызғанған болар, шабуылға бірінші лап қойды. Алайда алып піл еш қиындықсыз тойтарыс беріп, мүйізтұмсықты тықсыра бастайды. Осы сәтте абайсызда екеуінің ортасына кішкентай төл түсіп кетеді. Жалғасын бейнежазбадан көріп, тамашалаңыздар:
Сонымен қатар оқыңыз