KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, Ю
440.92 475.36 4.82

Бүгін Өскемен қаласында жаңа мектеп ашылды

1.09.2019, 06:37 147

Бүгін Өскемен қаласында мың орындық жаңа қазақ мектебі бүлдіршіндерге есігін айқара ашты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бүгін Өскемен қаласының 19-шы тұрғын ауданында 1000 орындық нөмірі 48-ші мектеп-қосымша білім беру орталығының салтанатты ашылуы болды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтың қатысуымен ашылған білім ордасы таза қазақ тілінде білім бермек.
- Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Баршаңызды 1 қыркүйек - Білім күнімен, жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймын. Сапалы білім қарқынды дамудың, өркениеттің басты шарты. Сол себепті ел Президенті мен Үкіметтің жүктеген міндеттерін жүзеге асырып, облыста білім жүйесі мен сапасына ерекше көңіл бөлінеді. Өскемен қаласындағы білім беретін 50 мектепте 38 мың оқушы жаңа оқу жылын бастап отыр. 4600 бала ең алғаш мектеп табалдырығын аттап 1-сыныпқа келді.
Сіздер үшін осы жыл ерекше болып, қарқынды өсіп келе жатқан 19-шағын ауданда биыл бой көтерген мемлекеттік тілде оқытатын 1000 орындық жаңа мектеп бүгін есігін ашты. Бұл мектеп жаһандану дәуірінде жаңа технологияның дамуына сай, заманауи ерекше білім ордасы болады. Құрметті шәкірттер, сабақтарыңды жақсы оқып, білімдеріңді тереңдетіңдер, ата-аналарыңның мақтанышы болыңдар!
Жаңа білім ошағының ұжымына жұмыстарына табыс пен сәттілік тілеймін. Білім беру мен жас ұрпақ тәрбиесіне баса көңіл бөлінетіндіктен, сіздерге жүктелер міндеттің салмағы да басым.
Бүгінгі күн – жаңа оқу жылына, жаңа жетістіктер мен табыстарға бастау беретін күн. Мерекелеріңіз құтты болсын! - деді өз құттықтау сөзінде облыс әкімі Даниал Ахметов.
Қоса кетсек, жаңа мектепте ата-аналар мен балалар үшін барлық жайлы жағдайлар жасалған. Жабдықталған жаңа оқу кабинеттері, инженерлік-техникалық бағыттағы түрлі үйірмелер мен секциялар жұмыс істейтін болады, 100-ден астам білікті мұғалім сабақ береді. 150 оқушы жаңа мектепте 1-сыныпқа қабылданды.

Азамат Темірбеков

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив