KZ
Өскемен
+12°
пасмурно жел 1,7 м/с, СБ
446.49 475.38 4.79

Қала күнінде үлкен экраннан Өскеменнің жасы көрсетілмейді

29.08.2019, 05:15 106

«Өскемен қаласына 299 жыл», «Өскемен – 1720» сынды жазулар қала күнінде үлкен экраннан көрсетілмейді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Қыркүйек айының 13-14-і күндерінде Өскемен күні аталып өтетіні мәлім. Осыған орай «Қаланың жасы аталып көрсетіле ме? Көрсетілсе, неше жас деп көрсетіледі?», «Қазіргі уақытта қаланың тарихы тым әріде жатқанын ғалымдар археологиялық қазба жұмыстары арқылы дәлелдеп жатыр. Осыған байланысты мәліметтер мерекелік кеш барысындағы сценарийге ене ме?» деген сынды бірнеше сұрақтар легін шаһар басшысына жолдаған болатынбыз.

– Қала күніне орай өткізілетін мерекелік шараларда Өскеменнің жасын атап, үлкен экранда көрсету және ғалымдардың қаланың құрылу тарихы жөніндегі археологиялық қазба жұмыстары туралы мәліметтер кеш барысындағы сценарийге енгізу жоспарда жоқ, – деп жазылыпты бізге келген жауап парағында.

Сондай-ақ онда қала күні қалай тойлатыны да жазылған. Қысқаша айтсақ, күндіз де, кешке де танымал эстрада әншілерінің қатысуымен меркелік концерт болады. Сондай-ақ күндіз спорттық жарыстар мен қолөнер бұймдарының көрмесі ұйымдастырылады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив