KZ
Өскемен
+1°
ясно жел 2 м/с, ОБ
443.85 474.3 4.8

Зейнетақы қорындағы жинақты онлайн тексерудің екі тәсілі бар. Қандай?

27.08.2019, 04:12 99

Сіз ай сайын жалақыңыздың 10% бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударасыз. Ал қордағы шотыңызда қанша қаражат жиналғанын білесіз бе? Мұны тексеру оп-оңай. Екі тәсілмен біліп-көруге болады – электронды үкімет порталы немесе телеграм-бот арқылы, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Екі тәсіл арқылы қалай тексеруге болатынын түсіндірейік.

Egov.kz порталы арқылы мәліметтерді білу үшін «Зейнетақы аударымдары туралы анықтама алу» қызметін таңдайсыз. Тиісті өтінішті жолдап, дайын құжатты жеке кабинетіңізден көре аласыз. Ол үшін ЭЦҚ болу міндетті. 

Ал Egovkzbot арқылы зейнетақы аударымдары туралы мағлұматты білу үшін телеграм қосымшасына кіріп, боттағы қызметтер тізімінен «БЖЗҚ салымшысының зейнетақы қорларының жағдайы туралы ақпарат алу» қызметін таңдайсыз. Бұл ретте мобильді азаматтар базасына тіркелу міндетті.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив