KZ
Өскемен
+5°
ясно жел 2 м/с, З
443.85 474.3 4.8

Зайсанда Баймұрат батырдың 310 жылдық мерейтойы өтіп жатыр

23.08.2019, 10:56 393

Шығыстың шекарадағы қақпасы - Зайсан ауданының орталығы Зайсан қаласында Қабанбаймен бірге жүріп қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан қорғаған найманның төртуыл елінің батыры Баймурат Бәйімбетұлының 310 жылдық мерейтойы бүгін кеңінен тойланып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Дүбірлі тойға Баймұратты қазаққа танытқан халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, ҚР еңбек сінірген қайраткері, облыстың құрметті азаматы, қоғам қайраткері Сәдібек Түгел бастаған зиялы қауым келіп, зайсандықтардын қуанышын бөлісті.

Мерейтой аясында "Қазақ батыры Баймұрат Бәйімбетұлы" атты кітаптың тұсауы кесіліп, осы шараларға белсене қатысқан бірқатар азаматтар "Баймурат батыр" медалімен және төс белгісімен марапатталды. Сонымен қатар республикалық балуандар белдесуі ұйымдастырылды.

Күрес әлі жалғасып, түйе, өгіз балуандар анықталуда. Боз кілемде Мұхит Тұрсынов, Руслан Абдразаков сынды апайтостер финалда атой салуда.

Түс кезінде Баймурат батырға арналып ас беріліп, жас ұрпаққа қаратылып өнегелі әңгімелер айтылды. Балуандар күресінен соң халайық қала сыртындағы атшабарга ағылмақ. Онда түрлі қашықтықта бәйге, көкпар және тағы басқа ұлттық ат спорты ойындары ұйымдастырылады. Зайсан және өскемендік өнерпаздар күн бойы әсем ән шырқап, күмбірлетіп күй тартып, мың бұрала би билеп мерейтойдың сәнін келтіруде.

Аудан әкімі Серік Ақтанов бұл шара "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыс әкімі Даниал Ахметовтын бастамасымен, қолдауымен қолға алынуда десе, халық жазушысы Қабдеш аға: "Бұл той Зайсандағы ағайынның, елдегі қалың төртуылдың бірлік, ынтымақ тойы",-деді.

Айта кетсек, былтыр күзде жергілікті жұрт Зайсан қаласына кіре беріске батырға ескерткіш соққан болатын. Енді міне батыр бабаларына ас беріп, рухани жаңғырып жатыр. (Бұл жөнінде толығырақ "Дидар" газетінің алдағы сандарынан оқыңыздар)

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив