KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 9 м/с, С
446.49 475.38 4.79

ШҚО-да ауыл тұрғыны көршісін өрттен құтқарды

20.08.2019, 12:50 143

Оқиға Ұлан ауданының Пролетарка ауылында өткен жексенбі күні болған. Өртеніп жатқан үйде есінен танып қалған әйелді көршісі шығарып алыпты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ШҚО ТЖД баспасөз қызметі мәлімдеді.

Анықталғандай, 44 жастағы әйел 4 жасар баласымен бірге түскі астан кейін ұйықтап кетіпті. Сол арада асүйден өрт шығып, жалын жан-жақты түгел шарпыған. Түтінді сезіп қалған бала оянып кетіп, анасын оятады. Әйел терезені шағып, баласын тысқа шығарып үлгерген. Алайда өзі есінен танып, құлап қалыпты.

Өртті байқап қалған көршілері өрт сөндіру қызметін шақыртып, өздері көмекке келеді. Алексей Шрамов есімді азамат терезе арқылы үйге кіріп, көршісін терезеден көтеріп шығарған екен.

Әйел бірден ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын ауыр деп бағалап отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив